Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Ава – терапиясы.

Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 10:56
Ава терапия аутизмді түзетуге арналған мінез – құлықты талдаудың қолданбалы әдісі. Жұмыс нәтижесінде қоғамда оңай бейімделу, өзіне – өзі қызмет ету мүмкіндігі, үлкен және ұсақ моторикасының дамуы пайда болады.
Наурыз – жыл басы. Халық наурыз мерекесіне алдын – ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі. Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір – біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған. Осыған орай «Бәйтерек» күндіз   болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қош келдің – Әз наурыз» тақырыбында мерекелік іс – шара өткізілді. Бұл мерекелік іс – шараға арнайы шақырылған қонақтар, ата – аналар және демеушілер қатысты. Шақырылған қонақтарымыз  ауыл ауылдарды (Жігер, Өркен, Күш қуат,…

Құттықтау

Сенбі, 05 Наурыз 2022 00:00
Наурыз айының 5 күні «Бәйтерек» күндіз болу орталығының ер азаматтары ұжымдағы әйел қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Сонымен қатар әр түрлі ойындар ойнатып сыйлықтар таратты. Қосымша көп балалы аналарды, зейнет жасына жақындап келе жатқан апайларды, неше жылдап орталықта жұмыс атқарып келе жатқан мамандарды және балаларға ерекше күтім жасайтын апайларды да құттықтап сыйлықтарын табыс етті. Артынша фуршет столы мен жалғасын тапты.
Наурыз айының 4 күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Бәйтерек» күндіз болу орталығының» барлық топтары аналарына, апаларына арнап ашық хат жасады.      
03.03.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығында» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне қарсы «Ал қанекей қыздар» тақырыбында тәрбиешілер сайысы өткізілді. Бұл сайыс тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұжымда ауызбіршілікті нығайту, мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында өтті. Өнері мен білімдері арқасында тәрбиешілер сайыстың 4 – кезеңінен де сүрінбей өтіп жүлделі орындарға ие болып грамота мен сыйлықтар алды. Атап айтқанда: Бас жүлдені «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі Халитова Нагима Абдикеримқызы алды. 1 – орынды «Өркен» тобының тәрбиешісі Өнерханова Бақыт Қалдыбекқызы алды. 2 – орынды «Жігер» тобының тәрбиешісі Сейтмұрзанова Арайлым Тулегенқызы алды. «Ең тапқыр» наминациясын «Өрлеу» тобының тәрбиешісі Коккозева Жанар Зейнелькабдулқызы алды. «Ең өнерлі» наминациясын «Қызғалдақ»…