Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің – Әз Наурыз!» мерекелік іс – шара

Бейсенбі, 17 Наурыз 2022 00:00

Наурыз – жыл басы. Халық наурыз мерекесіне алдын – ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі.

Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір – біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған.

Осыған орай «Бәйтерек» күндіз   болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қош келдің – Әз наурыз» тақырыбында мерекелік іс – шара өткізілді. Бұл мерекелік іс – шараға арнайы шақырылған қонақтар, ата – аналар және демеушілер қатысты. Шақырылған қонақтарымыз  ауыл ауылдарды (Жігер, Өркен, Күш қуат, Өрлеу, Қызғалдақ, Жұлдыз, Бәйтерек) аралап балалардың мамандар мен бірге дайындаған көріністерін, (Қоржын той, Бесікке бөлеу, Ұлттық ойындар, Келін түсіру, Тұсау кесу, Сүндет той, Наурыз көже дайындау рәсімі) қазақтың ұлттық ойындарын, ырымдарын, салт – дәстүрлерін тамашалап өтті. Келген қонақтарымыз арнаулы әлеуметтік қызмет алатын балаларға сыйлықтарын таратып берді.

16 03 2022 1 16 03 2022 2