Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

«Ертегі әлемі»

Сейсенбі, 01 Наурыз 2022 00:00
Наурыз айының 1 – күні «Бәйтерек» күндіз болу орталығына Талдықорған қаласы «Оқушылар сарайынан» «Қуыршақ театрының жетекшісі Маденова Жұлдыз Чарипаевнаның ұйымдастыруымен «Ертегі әлемі» қуыршақ театры үйірмесінің жеткіншектері «Тоқаш» және «Достық қымбат бәрінен» қойлымын қызмет алушы балаларға көрсетті.

Эстафеталық жарыс

Сейсенбі, 22 Ақпан 2022 00:00
2022 жылдың 22 ақпанында «Бәйтерек» күндіз болу орталығының» ЕДШ – нұсқаушылары Жаксылыкова Д.С. Абдрахманова Э.Н. Садыков А.Б. орталықтың балалары арасында эстафеталық ойындар өткізді. Мақсаты: шапшаңдықты, ептілікті дамыту, талантты балаларды анықтау. Міндетті: балалардың жеке қабілеттерін көрсетуге үйрету, балаларды жүйелі дене шынықтыру сабақтарына тарту. Жүктеме дозасы: ойын барысында жүктеме әртүрлі жолдармен реттелді. Ойын ұзақтығын қысқартылды, демалу үшін үзілістер енгізілді, ережелерді өзгертіп басқа ойынға ауыстырылды қажетіне қарай. Түгендеу: үлкен, кішкентай шарлар, себеттер, жасанды көкөністер – жемістер, текшелер қолданылды.      

Психологиялық тренинг

Жұма, 11 Ақпан 2022 00:00
11.02.2022 жылы психолог мамандары Конкабаева Б.М. мен Тілеуқанова А.Н. «Жұлдыз», «Қызғалдақ», «Бәйтерек» топтарына психологиялық тренинг өткізді. Тақырыбы: «Үй құстары», «Үй жануарлары». Мақсаты: Балалардың   танымдық қабілеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту.          

Психологиялық тренинг

Сәрсенбі, 09 Ақпан 2022 00:00
09.02.2022 жылы психолог мамандары Конкабаева Б.М. мен Тілеуқанова А.Н. «Өркен», «Өрлеу», «Жігер» топтарына «Жемістер мен көкөністер тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: Балалардың танымдық қабілетін дамыту. Жемістер мен көкөністердің айырмашылықтарын, дәмін, мөлшерін, иісін ерекше қасиеттерін танып қабылдау.          

«Қыш өнері» үйірмесі

Сәрсенбі, 02 Ақпан 2022 00:00
02.02.2022 жылы «Бәйтерек» орталығының қызмет алатын балалары Оқушылар сарайына «Қыш өнері» үйірмесіне қатысып келді. Үйірменің жетекшісі Намазбаев Тілеш Рымжанұлы «Қыш өнері» туралы түсінік беріп, балаларды станокқа отырғызып үйретті. «Қыш өнері» - баланың жеке басының жан – жақты дамып, қалыптасуына тікелей әсер етеді. Қыш өнерімен танысу барысында баланың ақыл – ойы жетіліп, жағымды мінез – құлықтары мен адамгершілік қасиеттері қалыптасып, әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеті артады. Яғни қоршаған ортаға, табиғатқа деген сезімі шыңдала түседі.