Бүгін, "Аялы алақан" БПҰ- на қарасты яғни, "Бәйтерек" орталығының ұжымы, желтоқсан айының 27 күні қызмет алатын балалар мен ата-аналарына арнап, "Ертегі еліне саяхат" атты тақырыпта мерекелік ертеңгілік өткізді. Жаңа жыл бұл қуаныш пен шаттыққа толы ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін де ерекше мереке болып есептеледі. Жаңа жылда жақсы дәстүрлер көбейсін дегендей кешіміздің шарты бойынша өз өнерлерін көрсетіп, жаңа жылға арнайы дайындалған "Бәйтерек" орталығының топтарына жол беріп, олар өз тарапынан "Теремок", "Бауырсақ", "Сиқырлы бес жұлдыз", "Мысық пен тышқан", "Курица ряба" ертегілерін сомдап шықты. Әр топтың балалары мен мамандары да карнавалдық костюмдерін киіп, рөлдерін ойнап шықты. Мерекелік ертеңгілік көңілді әрі…