Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025
Ақпан айының 5 күні «Бәйтерек» орталығының мамандары арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, ұжымда өзін еркін сезінуге көмектесу және шаршағанын басып, миын тынықтыру мақсатында мамандарға «Өз жұбыңды тап» жаттығуы өткізілді. Бұл жаттығу өте көңілді өтті. Нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқады. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізді. Сонымен қатар «Миға жаттығуы» өткізілді. Бұл ойын мидың жақсы жұмыс жасау мақсатында өтті. Тренинг соңында медитация музыкасымен «Босаңсу» жаттығуы өткізіліп, мамандар өзінің жаман энергиясын шығарып, «Рефлексия» жасап өз ойларын білдірді.
Бүгін, яғни ақпан айының 5 күні апталық жоспарға сәйкес, музыка мұғалімі Е. Құдайбергенов балаларды шулы аспаптармен таныстыру және олармен ойнап үйрету сабағын жүргізді.

Шынықсаң, шымыр боларсың!

Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 16:12
Ақпан айының 4 күні «Бәйтерек» күндіз болу орталығының» балаларына арналған, апталық жоспарға сәйкес ЕДШ-нұсқаушылары Э. Абдрахманова мен Д. Жаксылыкова және дене шынықтыру мұғалімі А. Садыков спорттық эстафета өткізді. Спорт-бейбітшілік елшісі,-демекші бүгінгі эстафетада балалар екі топқа бөлініп әр түрлі жаттығулар жасады. Сонымен қатар ұлттық ойынымыз «Арқан керу» ойыны да ойналып, балалардың жүздері жарқырап, жадырап, бір сергіп қалды. Ал эстафетаға қатыса алмаған балалар мен мамандар жанкүйер болып, екі топты да қолдап отырды. Соңында достық жеңді.

Қыстың ғажайып көріністері

Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 16:00
Ақпан айының 3 күні «Жігер» тобының дефектолог маманы Б. Кадирбек пен тәрбиеші Ф. Жолмурзаева «Қыстың ғажайып көріністері» атты көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеде балалар дефектолог маманы мен тәрбиешінің көмегімен түрлі-түсті қағаздар мен карандаштардан, картоннан «Ашық хат», «Шырша», «Сувенир» жасап, ойлау қабілеттерін дамыта түсті. Бұл көрме қызықты және көңілді өтті.  

Қыс

Сейсенбі, 02 Ақпан 2021 14:11
Қыс тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, мүсіндеу, ермексаз арқылы баланың ұсақ қол маторикасын дамыту мақсатында ақпан айының 2 жұлдызында «Жалын» тобының дефектолог маманы Ұ. Кенжебаева мен тәрбиеші Э. Амирақынова «Қыс» мезгілі тақырыбында жүргізген жұмыстарынан көрініс.