Ақпан айының 4 күні «Бәйтерек» күндіз болу орталығының» балаларына арналған, апталық жоспарға сәйкес ЕДШ-нұсқаушылары Э. Абдрахманова мен Д. Жаксылыкова және дене шынықтыру мұғалімі А. Садыков спорттық эстафета өткізді.
Спорт-бейбітшілік елшісі,-демекші бүгінгі эстафетада балалар екі топқа бөлініп әр түрлі жаттығулар жасады. Сонымен қатар ұлттық ойынымыз «Арқан керу» ойыны да ойналып, балалардың жүздері жарқырап, жадырап, бір сергіп қалды. Ал эстафетаға қатыса алмаған балалар мен мамандар жанкүйер болып, екі топты да қолдап отырды. Соңында достық жеңді.








