Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Мерекелік көңіл-күй

Сәрсенбі, 10 Наурыз 2021 14:23
2021 жылы наурыз айының 10 күні психолог мамандары Конкабаева Бибинұр Мұхаметалиқызы мен Тілеуханова Айым Нұрланқызы мамандардың арасында қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, өзін-өзі одан әрі ашу және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау, іскерлігін дамыту, жаңадан келген мамандармен танысу мақсатында «Мерекелік көңіл-күй» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында жаңадан келген мамандар өздерін таныстырып, өздерінің жағымды қасиеттерін айтып шықты және мамандарға мерекелік қызықты сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды.  

Арттерапия

Сейсенбі, 09 Наурыз 2021 12:20
2021 жыл наурыз айының 9 күні Түйсіну және сезіну арқылы зейінін бағыттау. Шығармашылық жұмыспен яғни сурет салу арқылы балалардың қол моторикасын, кинестикалық көру түйсіктерін, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында орталықтың психолог мамандары Конкабаева Бибинур Мухаметалиқызы мен Тілеуханова Айым Нұрланқызы «Жігер», «Өркен» топтарындағы балалармен «Арттерапия» тақырыбында тренинг жүргізді.
«Бәйтерек» күндіз болу орталығының музыка жетекшісі Айтмұханбетов Ержан Айтмұханбетұлының мерекелік іс-шараға қызмет алатын балаларды дайындау сәті.
Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Бүгін 2021 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында «Бәйтерек» күндіз болу орталығында «Алғысым шексіз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мекеме директоры Ұлбосын Кенесбаевна Сейдахметова жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. Артынша неше жылдық еңбектері сіңген орталықта адал қызмет атқарған 3 қызметкерлер мен 1 ата-ананы марапаттады. Психолог маманы А. Нұрланқызына балаларға арналған гемисфералық тақта сыйлады. Сонымен қатар Омарбаева Дильфируза мен Серікханұлы Мирас өздерінің дайындап келген әндерін орындап шықты. Артынша «Жігер» мен «Өркен» тобының балалары шулы аспапта ойнап, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Дөңгелек үстелде…

Алғыс-жүректен келеді

Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 16:40
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпан айының 24 күні балаларды үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас арқылы білдіруге болатындығын түсіндіру мақсатында «Жігер» тобының тәрбиешілері: А. Алшынбаева, А.Сауменова және дефектолог-мұғалім Б. Қадирбек балалармен «Алғыс-жүректен келеді» атты тәрбие сағатын өткізді.