Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстерді, пішіндерді ажыратып үйрету мақсатында жай қарапайым қолданыстағы заттарды қолдана отырып, дамыту сабағы өткізілді. Қарапайым қағазды умаждау, қыртысын жазу, жырту арқылы баланың қол моторикасын дамытып, қарапайым нұсқауларды ал, жырт, түзет. т. б. үйретуге болады және қағаз бетіне сызылған сызықтар бойымен пішінді қозғалту арқылы баланың көріп, ойлау қабілетін, зейінін дамытады. Жұмыртқаның қағазына түрлі-түсті пішіндерді жабыстырып, пішіндерді және олардың түстерін ажыратып үйренуге болады. Бұндай қолданыстағы қарапайым заттардан жасалған дамыту жұмыстарды балалардың түзету сабағына қызығушылығын арттырып қана қоймай бұл түзету жұмыстарын үй жағдайында да жасауға болатынын білдіреді.