Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Қол машығын дамытамыз

Сәрсенбі, 17 Наурыз 2021 00:00
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021жылдың наурыз айының 17 күні «Қызғалдақ» тобының балаларымен топ тәрбиешілері бірлесіп, түрлі-түсті қағазды ұсақтап қиып, умаждап, желімнің көмегімен жабыстыру арқылы балалардың ойлау қабілетін, ұсақ қол моторикасын дамыту, шығармашылығын, белсенділігін арттыру, қоршаған ортаға бейімдеу мақсатында қол машығына арналған жұмыстар жүргізілді.  

Танымдық қызметті дамытамыз

Сәрсенбі, 17 Наурыз 2021 00:00
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021жылдың наурыз айының 17 күні балалардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру, қоршаған ортаға бейімдеу мақсатында «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі балалармен бірлесіп қол машығын дағдыландыру жұмыстарын жүргізді  

Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні

Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 00:00
2021 жылдың 16 наурыз күні «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Ұлыстың ұлы күні 22 Наурызға арналған апталық іс- шаралар жоспары бойынша Наурыз мерекесіне байланысты барлық топтардың мамандары қабырға газетін шығарды.
2021 жылы 16 наурыз күні Бәйтерек күндіз болу орталығының психолог мамандары Б. М. Конкабаева мен А. Н. Тілеуқанова балалардың ойлау қабілетін, қол моторикасын, көріп қабылауын дамыту мақсатында «Қызғалдақ» топ балаларымен «Аралық сфералық тақтайшалармен жұмыс» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.

Наурыз нақыштары

Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 00:00
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021жылы 16 наурыз күні орталықтың еңбек пәнінің мұғалімдері Азилбаева А. Жайлығұл А. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырды. Көрмеде ұлтымыздың ою өрнектері, ұлттық аспаптары, қазақ үй, ұлттық киімдер көрсетілді.