Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

«Спорт, денсаулық кепілі»

Сәрсенбі, 16 Маусым 2021 00:00
Бүгін, орталығымыздың балаларының шынығуларына арнап, арнайы жабдықталған жаңа алаңда, яғни Workout спорттық алаңы: оның ішінде шынығу тренажерлары бар жаңа екі ойын алаңында балалардың спортпен шұғылдануына, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға байланысты көңілді әуенмен оңалту, шынықтыру шаралары жүргізілді. Әр баланың ойын алаңындағы қуаныштары езулеріндегі күлкілерінде анық байқалды. Міне, бұдан былай балалар, спорттық ойын алаңдарында асыр салып, құмарлары қанғанша ойнап, шынығатын болады.

Бағдаршамды үйренейік

Жұма, 11 Маусым 2021 00:00
Бүгін, 11.06.2021 жылы "Бәйтерек" күндіз болу орталығының" "Жігер" тобындағы қызмет алушыларына тәрбиеші А. Алшынбаева "Бағдаршамды үйренейік" тақырыбында жолда жүру ережелерімен таныстырып шықты.
Бүгін, 10.06.2021 жылы «Бәйтерек» орталығында 10 күндік жоспарға сәйкес Еңбекке оқыту мұғалімі А.Жайлығұл «Шебер қолдар» үйірмесіндегі балаларға қағаздан «Оригами», «Хат қалта» жасау тәсілін үйретті.

Ақ серек пен көк серек

Сейсенбі, 08 Маусым 2021 00:00
08.06.2021 жылы «Бәйтерек» орталығында 10 күндік жоспарға сәйкес «Ақ серек пен көк серек» ойыны өткізілді.  

Смуглянка

Сейсенбі, 08 Маусым 2021 00:00
Бүгін, 2021 жылы 8 – маусым күні музыкалық жетекшісі Е.Айтмұханбетов орталықта қызмет алатын балаларды «Смуглянка» әуенін шулы аспаптар мен ойнап үйрету үстінде.