Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025
29.12.2021 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің  ұжымы, қызмет  алатын  балаларға  арнап,  «Қош  келдің,  Жаңа жыл» атты  мерекелік  ертеңгілік  өткізді.  Жаңа жыл мерекесі – әлемдегі қуанышқа  толы  ғажайып  мерекелердің  бірі. Әрбір адамның  бір  жыл  бойы тағатсыздана  күтетін  мейрамы. Бәріміз  жаңа  жылдан  жаңа  бақыт күтеміз. Мерекелік ертеңгілік  көңілді  әрі  тартымды  өтті.  Жаңа  жылдың  бас  кейіпкерлері  Аяз ата мен Ақшақарды  шақырып,  балаларға  естен  кетпес  көңіл – күй  силады.  Бұл  мерекеге  орталығымыздың  барлық  ұжым  мүшелері бірігіп  ат салысты. Осындай  әдемі  де  көңілді  мейрам  біздің  демеушілерімізсіз  қызықты  өтпес еді. Атап айтқанда: 1. «Көксу Айгерім» магазині 2. Кафе  «Алым» 3. АСПМК 4. Водаканал 5. RG Brands   6. Кондитерлік цех «Фортуна» @fortunafood.kz    7. Теплосервис Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің  бірі. Осындай  ізгі қасиеттерімен  біздің  орталықтың  ерекше балаларына демеушілік танытып, қолдау көрсетіп, қамқоршы болып, аялы алақандарын тосып, жүрек  жылуын ұсынған демеушілерімізге ризашылығымыз шексіз! Әрдайым жас ұрпақпен рухани байланыс орнатуға қосқан үлестеріңіз үшін, Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңіз  адал, қызметтеріңіз қадірлі болсын дей отыра, өмір жолдарыңызға бақыт пен шаттық…

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

Сәрсенбі, 15 Желтоқсан 2021 18:25
Бүгін, 15.12.2021 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Тәуелсіздігіміздің 30  жылдығына  арналған  «Тұғыры биік Тәуелсіздік»  тақырыбында  мерекелік  іс – шара өткізілді. Бұл шара еліміздің  Тәуелсіздік  алу  жолындағы  ата – бабаларымыздың  ерлігін  паш  ету,  балаларға  желтоқсан  құрбандарымен,  желтоқсан  оқиғасына  қатысқан  аға  апалардың  ерлігін  үлгі  етіп  көрсету,  елін,  жерін  сүюге,  Отанын  қастерлеуге,  шыншылдыққа тәрбиелеу  мақсатында  өтті. Орталықтың  мамандары  желтоқсан  оқиғасынан  шағын  көрініс  көрсетіп,  өздеріне берілген  рөльді  өте жақсы сомдап  шықты. Тәуелсіздіктің 30  жылдығына  орай мекеме  директоры  қызмет  атқаратын мамандарды  Құрмет  грамотасы және алғыс хаттар мен марапаттады.  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі  құтты болсын! Еліміздің  еңсесі  биік,  туымыздың  тұғыры  берік,  тәуелсіздігіміз  мәңгі  болғай!

Логопед сабағы

Дүйсенбі, 13 Желтоқсан 2021 15:26
Дауысты  дыбыстарды  созып  айтуды   үйрету.  

Емдік шаралар

Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021 16:09
«Бәйтерек» күндіз болу  орталығының жұлдыз, өркен,  өрлеу  топтарының. Балаларымыз аман болсын.
30.11.2021 жылы «Бәйтерек»  күндіз  болу  орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде топтар  арасында  «1  Желтоқсан – Тұңғыш Президент»  күніне  арналған  ашық тәрбие сағаты  өткізілді. Бірінші  «Жігер»  тобынан бастап барлық алты топқа  кіріп  ашық  тәрбие  сағатын  тамашалап  қайттық.  Мамандар мен  балалар өз дайындықтарын  жақсы  деңгейде  көрсетіп  шықты.