8 қазан 2022 жылы Талдықорған әкімі мен мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар саябағында «Бәріміз бірдейміз –...
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл – күйі секілді құбылмалы. Бірде...
05.10.2022 жылы 10 күндік іс – шаралар жоспарына сәйкес «Бәйтерек» күндіз болу орталығында...
Бүгін, 15.12.2021 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік іс – шара өткізілді.
Бұл шара еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, балаларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында өтті.
Орталықтың мамандары желтоқсан оқиғасынан шағын көрініс көрсетіп, өздеріне берілген рөльді өте жақсы сомдап шықты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мекеме директоры қызмет атқаратын мамандарды Құрмет грамотасы және алғыс хаттар мен марапаттады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі құтты болсын!
Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!