Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгілік

Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 22:00

29.12.2021 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің  ұжымы, қызмет  алатын  балаларға  арнап,  «Қош  келдің,  Жаңа жыл» атты  мерекелік  ертеңгілік  өткізді. 

Жаңа жыл мерекесі – әлемдегі қуанышқа  толы  ғажайып  мерекелердің  бірі. Әрбір адамның  бір  жыл  бойы тағатсыздана  күтетін  мейрамы. Бәріміз  жаңа  жылдан  жаңа  бақыт күтеміз.

Мерекелік ертеңгілік  көңілді  әрі  тартымды  өтті.  Жаңа  жылдың  бас  кейіпкерлері  Аяз ата мен Ақшақарды  шақырып,  балаларға  естен  кетпес  көңіл – күй  силады.  Бұл  мерекеге  орталығымыздың  барлық  ұжым  мүшелері бірігіп  ат салысты.

Осындай  әдемі  де  көңілді  мейрам  біздің  демеушілерімізсіз  қызықты  өтпес еді. Атап айтқанда:

1. «Көксу Айгерім» магазині

2. Кафе  «Алым»

3. АСПМК

4. Водаканал

5. RG Brands  

6. Кондитерлік цех «Фортуна» @fortunafood.kz   

7. Теплосервис

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің  бірі. Осындай  ізгі қасиеттерімен  біздің  орталықтың  ерекше балаларына демеушілік танытып, қолдау көрсетіп, қамқоршы болып, аялы алақандарын тосып, жүрек  жылуын ұсынған демеушілерімізге ризашылығымыз шексіз!

Әрдайым жас ұрпақпен рухани байланыс орнатуға қосқан үлестеріңіз үшін, Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңіз  адал, қызметтеріңіз қадірлі болсын дей отыра, өмір жолдарыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

IMG-20211229-WA0037.jpg

IMG-20211229-WA0038.jpgIMG-20211229-WA0049.jpgIMG-20211229-WA0058.jpgIMG-20211229-WA0094.jpgIMG-20211229-WA0098.jpgIMG-20211229-WA0101.jpgIMG-20211229-WA0105.jpgIMG-20211229-WA0121.jpgIMG-20211229-WA0201.jpgIMG-20211229-WA0223.jpgIMG-20211229-WA0242.jpgIMG-20211229-WA0253.jpgIMG-20211229-WA0269.jpg

Осы категориядағы басқа материалдар: « ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы «Қыш өнері» үйірмесі »