02.02.2022 жылы «Бәйтерек» орталығының қызмет алатын балалары Оқушылар сарайына «Қыш өнері» үйірмесіне қатысып келді. Үйірменің жетекшісі Намазбаев Тілеш Рымжанұлы «Қыш өнері» туралы түсінік беріп, балаларды станокқа отырғызып үйретті. «Қыш өнері» - баланың жеке басының жан – жақты дамып, қалыптасуына тікелей әсер етеді. Қыш өнерімен танысу барысында баланың ақыл – ойы жетіліп, жағымды мінез – құлықтары мен адамгершілік қасиеттері қалыптасып, әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеті артады. Яғни қоршаған ортаға, табиғатқа деген сезімі шыңдала түседі.




