Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Референдум

Бейсенбі, 02 Маусым 2022 00:00
02.06.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық партия штабының мүшесі Әлия Маратқызы және облыстық, қалалық штаб мүшелері, Ляззат Мұхаметқалиқызы Есболова және Аманжол Тохтарұлы Жазықбаев 5 маусым күні өтетін референдумның маңыздылығы жайлы кездесу өткізді.        
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Балалар жылы аясында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мерекелік іс – шара өткізілді. Орталықтың мамандары мен қызмет алатын балалары бірігіп мерекеге дайындаған өнерлерін көрсетіп шықты. Бүгінгі іс – шараға ат салысып қайырымдылық жасаған жомарт жандарға алғысымыз шексіз. Атап айтқанда: $1-         ТОО АСПМК – 519 $1-         Adilet шипажайы Қуаныш Қожақұлович $1-         Алматы облысы әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» КММ Талипов Даурен Оразғалиұлы $1-         JLC –сүт $1-         Магазин все для праздника $1-         «Ыстық нан» Наубайханасы $1-         Фортуна кулинариясы $1-         Кальпе дүкені…

«Менің қалам»

Жұма, 27 Мамыр 2022 00:00
27.05.2022 жылы «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Сагимбаева Б.А. топтық түзете – дамыту жұмысын жүргізді. Мақсаты: Көлік түрлері. Қала, қала көшелері, көше бөліктері. Бағдаршам, бағдаршам сигналдары. Балаларға дайын берілген суреттерді түрлі түсті қарандаштармен бояуды үйрету.          

«Талаптыға нұр жауар» фестивал.

Сейсенбі, 24 Мамыр 2022 00:00
Мамыр айының 24 күні «Бәйтерек»   күндіз болу орталығының балалары мен мамандары «Достық» үйіне Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Талаптыға нұр жауар» фестиваліне қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Өнер көрсету барысында балалар сахнада қысылмай өздерін еркін ұстады. Қызмет алатын балалар диплом мен сыйлықтар алып, ал мамандар алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар орталықта қызмет алатын балалардың қолымен жасаған заттарын көрмеге қойып, мекеме балаларының қол өнерлерін көрсетті. Соңында сабын көпіршігінің шоуы болып, фестивальге келген балалардың бәрі қызыға қарап, жақсы көңіл күйде болды. Артынша қатысқан балаларға фуршет жасалынды.              

Түлек

Жұма, 20 Мамыр 2022 00:00
20.05.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығының қызмет алушы Баяхан Амир мекеменің түлегі атанды.   Осыған орай «Өркен» тобының мамандары мен балалары қоштасу кешін ұйымдастырды.