Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

«Талаптыға нұр жауар» фестивал.

Сейсенбі, 24 Мамыр 2022 00:00

Мамыр айының 24 күні «Бәйтерек»   күндіз болу орталығының балалары мен мамандары «Достық» үйіне Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Талаптыға нұр жауар» фестиваліне қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Өнер көрсету барысында балалар сахнада қысылмай өздерін еркін ұстады. Қызмет алатын балалар диплом мен сыйлықтар алып, ал мамандар алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар орталықта қызмет алатын балалардың қолымен жасаған заттарын көрмеге қойып, мекеме балаларының қол өнерлерін көрсетті. Соңында сабын көпіршігінің шоуы болып, фестивальге келген балалардың бәрі қызыға қарап, жақсы көңіл күйде болды. Артынша қатысқан балаларға фуршет жасалынды.

             

Осы категориядағы басқа материалдар: « «Менің қалам» Түлек »