Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Психологиялық тренинг.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2022 09:30
25.08.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығының психолог маманы Тілеуқанова А.Н. ұжымға «Мен сен және біз» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.         
25.08.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығында «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Қайратова М. Конституция күніне жеке сабағын өткізді. Балаларды ұлт жанашыры етіп тәрбиелеу, еліне деген патриоттық сезімін ояту мақсатында, Қазақстан Республикасының Ата заңы – Конституциясы туралы, мемлекетіміздің негізгі рәміздері туралы қысқаша мәлімет беріліп, суреттері көрсетілді.                    
25.08.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығында «Жігер» тобының дефектологы Бейсенбаева А.Т. мен тәрбиешісі Алшынбаева А.Н. Конституция күніне арналған «Ата – заңым Ардақтым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Балалардың отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.        

Сезім дамыту бөлмесіндегі сабақ.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2022 08:31
Сезім дамыту бөлмесінде психолог маманы Тілеуқанова А.Н. түзете дамыту жұмыс барысы. Арнайы құрал жабдықтар арқылы балаларды сергіту және ынталандыру, сезім мүшелерін дамыту.          
Маусым айының 10 күні «Мүшелтой» Балалар мен жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен бүгін «Бәйтерек» күндіз болу орталығында арнаулы әлеуметтік қызмет алушы топтарға «Достығымыз жарасқан» тақырыбында қуыршақтар театрының қойылымын көрсетті. Сонымен қатар балаларға арналған әндері мен билерін де тамашаладық. «Мүшелтой» Балалар мен жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестігінің директоры Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызына және барлық мамандарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.