Сәуір айының 29 күні «Бәйтерек» күндіз болу орталығында 1-мамыр Бірлік және Ынтымақ күніне арналған «Ұлттар достығы» тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізілді. Халықаралық Ынтымақ күніне музыка залы шарлармен, түрлі – түсті қағаздан жасалынған әдемі гүлдермен безендірілді. Бүгінде, Қазақстан Республикасының бір шаңырағының астында шоғырланған түрлі ұлттардың бар екені баршамызға мәлім. Осы әрбір ұлттық мәдени орталықтардың дәстүрімен таныстыруға мекеменің мамандары мен қызмет алатын балалары мерекеде би билеу арқылы әр ұлттың киімдерін, қимыл қозғалыстарын таныстырып өтті. 1 – мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілік осылайша қызықты да көңілді өткізілді.