Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025
5 – қараша 2021 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығында» «Жас қызметкерлер» сайысы өткізілді. Бұл сайыс қыздардың шеберлігін, өнерін, ақылы мен білімін саралау мақсатында өтті. Таныстыру бөлімінде қатысушылар өздерін таныстырып, сұрақ – жауап бөлімінде сан түрлі сұрақтарға ұтымды жауап қайтарып, өз таным – білімдерін көрсетті. Көрермен жүрегіне жол тартқан өнер сайысы болды. Әр қатысушы бойындағы өнерін көрсетіп, дәлелдей білді. Бірі әкелете ән шырқаса, енді біреулері мәнерлеп өлең оқыды. Сонымен сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені логопед маманы Бексұлтанова Айжан алды. 1- орынды психолог маманы Тілеуқанова Айым алды. 2-орынды дефектолог маманы Беркинбаева Маржан алды. «Ерекше жоба» наминациясын Ошақбай Мадина иеленсе, «Ең өнерлі» наминациясын…
2021 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бәйтерек "күндізгі болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты - "Бәйтерек" күндізгі болу орталығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қызметкерлер мен әлеуметтік қызмет алушыларды тәрбиелеу.  Семинар жұмысына директор Сейдахметова Ұлбосын Кеңесбайқызы, директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Бүркітбаева Назгүл Асылханқызы және "Бәйтерек"күндізгі болу орталығының мамандары қатысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мен олардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті…

Логоритмика

Бейсенбі, 17 Маусым 2021 20:47
Логоритмика - бұл музыкамен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі. Ырғақты сезіну – адамның маңызды сезімдерінің бірі. Дәл логоритмика осы параметрлерінің бәрі бойынша баланың ырғақты дамуынан құралады: музыкада және қимылдағы сөйлеуде (маторикада). Ең жарқын ырғақты біз музыкадан естиміз. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ырғақты естуін, сөйлеудегі және қимылдардағы ырғақты сезінуін барынша ерте дамыту керек. Дұрыс, таза сөйлеуді уақытында игеру баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға, ойлауын, коммуникативтік қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді.    

«Ұшты-ұшты» ойыны

Бейсенбі, 17 Маусым 2021 00:00
«Ұшты-ұшты» ойыны – ұлттық ойын. Бүгін, «Жігер» тобының балалары ұшты-ұшты ойынын арнайы жабдықталған жаңа алаңда ойнады.