Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Отбасы

Жұма, 26 Наурыз 2021 14:02
2021 жылдың 26 наурыз күні мекеме психолгтары Конкабаева Б. М. мен Тілеуқанова А. Н. Балаларға отбасы туралы түсінік беру олардың үлкенді сыйлау кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, әдептілікке, мейірімділікке, үлкенге көмек көрсетуге тәрбиелеу мақсатында «Өркен» тобының балаларымен «Отбасы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тұсау кесер

Жұма, 19 Наурыз 2021 14:37
"Бәйтерек" тобының мамандары қазақ халқының дәстүрлерінің бірі - "Тұсау кесер" рәсімін өткізді. Тусау кесер (кесу) – балаға арналған рәсім. Яғни, сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ырымына сүйене келе жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсау кесерін тапсырған. Яғни осы орайда бұл, рәсімді орындау орталықтың директоры Сейдахметова Ұлбосын Кесебайқызына ұсынылды. Орталықтың директорының жылы лебізі мен тілектерінің білдіруімен салтанатты рәсім тамаша өткізілді.

Сүндет той

Жұма, 19 Наурыз 2021 00:00
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың наурыз айының 19 күні "Жұлдыз" тобының мамандары мен қызмет алушылары  қазақ халқының әдет ғұрпы бойынша " Сүндет той" рәсімін өткізді.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың наурыз айының 19 күні "Жігер" тобының мамандары мен қызмет алушыларының дайындаған "Жыл басына таласқан хайуанаттар "- ертегісі тамашаланды. Қызмет алушы балалар ертегі қойылымына дайындаған арнайы киімдерімен ерекше көзге түсіп, тартымды қойылым көрсетті.

Танымдық қызметтерін дамыту

Жұма, 19 Наурыз 2021 00:00
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың наурыз айының 19-нда Наурыз мейрамына байланысты «Өрлеу» тобының мамандары мен қызмет алушылары дайындаған танымдық қызметтерін дамыту мақсатындағы сабақ өткізілді. Қызмет алушыларға Наурыз мейрамы жайлы, Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі екенді айтылды. Наурыз мейрамы яғни Ұлыстың Ұлы күні деп аталып кеткен бұл мейрамды қалай тойлайтыны жайлы, әрі наурыз мерекесінің басталуы өзінің ерекше нақышта тігілген киімдерімен ерекшеленетініне тоқталды. Сонымен қатар,  шаңырақ пен, ұлттық ойын асықты пайдалана отырып, қызмет алушылармен бірлесе қимыл-қозғалыс жұмыстары жүргізілді.