"Бәйтерек" тобының мамандары қазақ халқының дәстүрлерінің бірі - "Тұсау кесер" рәсімін өткізді. Тусау кесер (кесу) – балаға арналған рәсім. Яғни, сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ырымына сүйене келе жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсау кесерін тапсырған. Яғни осы орайда бұл, рәсімді орындау орталықтың директоры Сейдахметова Ұлбосын Кесебайқызына ұсынылды. Орталықтың директорының жылы лебізі мен тілектерінің білдіруімен салтанатты рәсім тамаша өткізілді.




