Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

Наурыз гүл мерекесі

Дүйсенбі, 15 Наурыз 2021 00:00
«Бәйтерек» тобының мамандарымен «Әз Наурыз» мерекесіне байланысты қабырға газеті безендірілді. Баланың ойлау қабілетін, қолының ұсақ моторикасын, қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Наурыз гүл мерекесі» тақырыбында топ тәрбиешісі мен балалар бірлесе отырып, түрлі-түсті қағаздардан, гүлдер жасалынды.

«Көрісу» тренинг

Жұма, 12 Наурыз 2021 00:00
2021жылы 12 наурыз күні Наурыз мейрамын халқымыз қалай қарсы алғандығын насихаттау. Мамандардың ұлттық салт-дәстүрімізді осы заманғы өмірімізге кірігуіне ықпал ету мақсатында психолог мамандар орталықтың мамандарымен Наурыз мерекесіне орай «Көрісу» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында наурыз мейрамы туралы мамандарға сұрақ қойылды, ұлттық ойынымыз бес тас ойнатылды. Жаңылтпаш, жұмбақ жасыру ойындары ойнатылды.      
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттеік мекемесінде 2021 жылдың 12 наурызында Ми сыңарларын жаттықтыру мақсатында орталықтың психолог мамандары «Өрлеу» және «Жұлдыз» топ балаларымен аралық сфералық тақтайшалармен психологиялық тренинг жүргізді.   Аралық сфералық тақтайша, тәрбиелік ойыншық болып саналады. Ойыншықтың сырғытпасын бір қолмен алып, лабиринттің соңына дейін алып барып, кейін әрекетті екінші қолға, содан кейін екі қолмен бір уақытта қайталау керек. Жаттығу, дене корпусына әсер етеді, нәтижесінде қабылдау, ұзақ уақыт есте сақтау, қолды үйлестіру, ұсақ қол моториканы дамытады және оқу мен жазуды жеңілдетеді.
2021 жылы наурыз айының 11 күні Топта жағымды эмоциялық көңіл-күйді қамтамасыз ету, ұсақ қол моторикасын, көріп қабылдауын дамыту. Топ балаларының бірігіп жұмыс жасауын, бір біріне деген қарым қатынасын нығайту мақсатында орталықтыңпсихолог мамандары «Жігер» топ балаларымен «Аралық сфералық тақтайшалармен жұмыс» тақырыбындапсихологиялық тренинг өткізді.