Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025
«Бәйтерек» күндіз болу орталығының» мамандары жеке түзете дамытушылық сабақтар өткізеді. Соның ішінде логопед маманы Д. Кадырова түзете-дамытушылық сабақтарында, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның бірі Е. В. Новикованың зондтық массаж әдісі көрсетілген. Зондтық массаждың мақсаты балада бет, тіл бұлшық еттерінде гипотонус немесе гипертонус болған жағдайда бұлшық еттерді қалпына келтіру үшін жасалады.
«Бәйтерек» күндіз болу орталығы» ұжымы арасында ақпан айының 15 күні «Көңілі көтеріңкі мамандардың, еңбегі де жемісті» тақырыбында тренинг өткізілді. Мамандардың психикалық көңіл-кұйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу мақсатында тренинг өткізілді. Тренинг барысында мынандай қағидалар ұстанылды: белсенділікті арттыру, бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне кедергі келтірмеу, өз ойыңды ашық айта білуге үйрену, өзіңе пайдалы нәрсені алу, әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу, өзін еркін ұстауға үйрену.  

Танымдық қызмет

Жұма, 12 Ақпан 2021 10:00
«Бәйтерек» тобының дефектолог-мұғалімі Ұ. С. Кенжебаеваның танымдық қызметін арттыру мақсатында жүргізген жұмысының барысы.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балалардың жолда жүру ережесін білу, оларды қатаң сақтау керектігі жайлы түсіндіру және ойлау қабілетін, қолдарының ұсақ моторикасын және де шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ақпан айының 10 күні сезім дамыту бөлмесінде«Жолда жүру ережелері» тақырыбы бойынша Омарбаева Д мен Лим Е. Х.жеке дара жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ермексазбен бағдаршамның суретін қағазға бастыру жұмысы жасалынды.