Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025
Алматы Облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бәйтерек" күндіз болу орталығының ұжымы "Біз біргеміз — біз үйдеміз" атты видео дайындады.  
Құрметті Таирова Оксана Викторовна және Таиров Муслим Мегралиевич, сіздерге физио-кабинетіміздің жұмысына демеушілік жасағандарыңыз үшін "Бәйтерек" күндіз болу орталығының атынан көп рахмет! Алдағы уақытта жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!
Мың алғыс, миллион алғыс Аналарға! Аты да, өзі де ұлы тұрар алда. Отанмен, туған жермен теңесесің, Нәр алған аналардан даналар да - дегендей бүгін, яғни, наурыз айының 6-күні Алматы Облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бәйтерек" күндіз болу орталығының ұжымы мен қызмет алушы балаларының қатысуымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған "Мейірімін төккен маған- көңілі көктем анам!" Атты тақырыбында аналарға арналған ерекше мерекелік ертеңгілік "Азия" ғимаратында өткізілді. Осы мерекелік іс-шараның өтілуіне үлкен үлестерін қосқан демеушілер, БАҚ өкілдері мен бүлдіршіндеріміздің ата-аналары қатысты. Құттықтау сөздер айтылып, демеушілерге "Алғыс хаттар" ұсынылды. Бүлдіршіндердің аналарына дайындаған өнерлері көрсетілді. Орталығымыздың әнші балалары шырқаған әндерінің…
Ақпан айының 28 күні Нұр Отан партиясы Талдықорған қалалық филиалы "Аялы алақан" БПҰ-на қарасты "Бәйтерек" күндіз болу орталығында "Қазақ еліне мың алғыс!" - атты тақырыпта, 1 наурыз "Алғыс айту" күніне аналған мерекелік концерт өткізілді. Биылғы жылы Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында жыл сайын 1 наурызды барлық этностардың бір біріне және оларға мейірбандық танытып, өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Мерекелік іс-шарада мекеме директоры осындай атаулы мерекеге жиналған барлық қауымды "Алғыс айту күнімен"…
Ақпан айының 24 күні "Бәйтерек" орталығында "Өркен" тобының қызмет алушы баласы Алимгазинов Қанат 18 жасқа толып орталықтың түлегі болды. Қанаттың әкесі Алтынсаринов Болат Алимгазинұлы орталығымызға ризашылығын білдіріп алғысын айтты.