Бүгін, яғни қаңтар айының 22 күні музыка кабинетінде «Ұжымдық қарым-қатынас» тақырыбында психолог маманы Айым Нұрланқызы Тілеуқанова психологиялық тренинг өткізді. Тренинг: қызметкерлердің көңіл-күйлерін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, ұжымдық қарым-қатынас орнатуға арналды. Тренингтің құрылымы: 1. Танысу және амандасу. Психолог маманы А. Н. Тілеуқанова ұжым мүшелерімен танысу және амандасу жүргізді. Өзінің амандасу түрін ерекше Бумба-Юмба тайпасының салт-дәстүрімен көрсетті. Ұжымды екі топқа бөліп бір-бірінің алақандарын үйкелеуімен, ал екінші топ арқаларын түйістіріп амандасуды көрсетті. 2. Әдістеме: «Менің мінезім!» Әрбір қатысушыға білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөлді және сол төрт бөлікке жануарлардың түрлерін, аңдар, құстардың аттарын жазып шығулары керек екенін айтты.…