Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

«Алғысым шексіз» дөңгелек үстел

Жұма, 26 Ақпан 2021 14:27

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Бүгін 2021 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында «Бәйтерек» күндіз болу орталығында «Алғысым шексіз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мекеме директоры Ұлбосын Кенесбаевна Сейдахметова жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. Артынша неше жылдық еңбектері сіңген орталықта адал қызмет атқарған 3 қызметкерлер мен 1 ата-ананы марапаттады. Психолог маманы А. Нұрланқызына балаларға арналған гемисфералық тақта сыйлады. Сонымен қатар Омарбаева Дильфируза мен Серікханұлы Мирас өздерінің дайындап келген әндерін орындап шықты. Артынша «Жігер» мен «Өркен» тобының балалары шулы аспапта ойнап, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Дөңгелек үстелде психологиялық тренингте жүргізілді. Еліміздегі карантинге байланысты арнаулы әлеуметтік қызмет алатын балаларымыз ата-аналарымен бірігіп орталықтың қызметкерлеріне еңбектерін бағалап алғыстарын видео ролик арқылы онлайн түрінде жолдады.

«Алғысым шексіз» атты дөңгелек үстел ойдағыдай аяқталды.

154206612 1108027389662529 1352910869984862959 n153363096 1108027369662531 6440155114278960947 n151236967 1108027382995863 4495939264253176333 n151269159 1108027386329196 6335496763658455307 n153870642 1106794466452488 6137681675939207980 n150869561 1108027372995864 1247204061269200340 n149374270 1108027379662530 4684498460032327086 n