Ақпан айының 5 күні «Бәйтерек» орталығының мамандары арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, ұжымда өзін еркін сезінуге көмектесу және шаршағанын басып, миын тынықтыру мақсатында мамандарға «Өз жұбыңды тап» жаттығуы өткізілді. Бұл жаттығу өте көңілді өтті. Нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқады. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізді. Сонымен қатар «Миға жаттығуы» өткізілді. Бұл ойын мидың жақсы жұмыс жасау мақсатында өтті.
Тренинг соңында медитация музыкасымен «Босаңсу» жаттығуы өткізіліп, мамандар өзінің жаман энергиясын шығарып, «Рефлексия» жасап өз ойларын білдірді.




