03.03.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығында» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне қарсы «Ал қанекей қыздар» тақырыбында тәрбиешілер сайысы өткізілді. Бұл сайыс тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұжымда ауызбіршілікті нығайту, мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында өтті. Өнері мен білімдері арқасында тәрбиешілер сайыстың 4 – кезеңінен де сүрінбей өтіп жүлделі орындарға ие болып грамота мен сыйлықтар алды.
Атап айтқанда:
Бас жүлдені «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі Халитова Нагима Абдикеримқызы алды.
1 – орынды «Өркен» тобының тәрбиешісі Өнерханова Бақыт Қалдыбекқызы алды.
2 – орынды «Жігер» тобының тәрбиешісі Сейтмұрзанова Арайлым Тулегенқызы алды.
«Ең тапқыр» наминациясын «Өрлеу» тобының тәрбиешісі Коккозева Жанар Зейнелькабдулқызы алды.
«Ең өнерлі» наминациясын «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Толқынбекова Сауле Сейтнұрқызы алды.



