8 қазан 2022 жылы Талдықорған әкімі мен мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар саябағында «Бәріміз бірдейміз –...
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл – күйі секілді құбылмалы. Бірде...
05.10.2022 жылы 10 күндік іс – шаралар жоспарына сәйкес «Бәйтерек» күндіз болу орталығында...
Логопед кабинетінің жалпы ауданы 10,5 м2. Кабинетте логопед маманына бір жұмыс орны, жеке түзете дамыту сабақтарға 2 орын қарастырылған. Логопедиялық кабинетте 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалармен топтық және жеке сабақтар өткізіледі.
Логопедияның жұмыс уақыты
Дүйсенбі-жұма 9.00-12.36
Дүйсенбі-жұма 13.00-16.36
Логопедиялық кабинеттін ережесі
- кабинетті ылғалды тазалау аптасына 2 рет жүргізіледі;
- кеңсені кварцтау және желдету күнделікті жүргізіледі;
- логопедиялық зондтарды әр қолданар алдында және одан кейін арнайы «Люир хлор люкс 0,0075%» ерітіндісінде және стерилизаторда өңделеді;
- жұмыс күнінің соңында терезелер тексеріліп, электр құрылғылары сөндіріледі.
Логопедиялық түзете дамыту жұмыстары:
1) сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу;
2) тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып сөздік қорларын молайту;
3) Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін - өзі қадағалауға дағдыландыру;
4) Дыбыстарды буында, сөзде дұрыс айтуға машықтандыру арқылы сөздік қорын байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, бейнелі суреттер бойынша тілдің грамматикалық құрылымын дамыту;
5) Сұрақты тыңдай білуге, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру;
6) Дыбыстарды буында, сөздерде анық, таза айтуға үйрету;
7) Зейінін, есте сақтау, елестету, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту;
8) Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын, мимикалық, сергіту сәттерінің дұрыс орындалуын қалыптастыру;
9) Танымдық қабілеттерін арттыру;
10) Логопедиялық массаж;
11) Ұсақ моторикасын жақсарту