Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2025

02.11.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әлеуметтік сала қызметкерлерінің» кәсіби мерекесі өткізілді.

Кәсіби мерекесі аясында бір қатар әріптестеріміз алғыс хаттар алды және құрмет грамотасын кәсіподақ ұйымынан алды.

15 11 2022 1 

Толығырақ...

24.12.2021 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығының 14 қызмет алушысы  «Future-IT»  робототехника мектебінің  үш  айлық  курсын  аяқтап, сертификаттарын алды.

Талдықорған  қаласындағы  «Future-IT»  робототехника мектебінің  негізін  қалаушы  Дамир  Нуркежановқа және қызмет  алушы  балалардың  ерекшелігін  ескере  отырып, робототехниканың  түрлерін үйретіп  сабақ  берген апайларына Алғыс білдіреміз!

IMG-20211224-WA0016.jpg

Толығырақ...

27.10.2021 жылы Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының  «Бәйтерек» күндіз болу орталығының ашылуына 15 жыл  толуы  әлеуметтік  сала қызметкерлерінің  кәсіби  мерекесіне  тұспа-тұс  келіп  отырған салтанатты  жиын  өткізілді.

Кәсіби  мереке  аясында  жыл  бойы  белсенділік  танытып, ерен  еңбегімен  танылып  жүрген  бір қатар  әріптестеріміз Облыс  әкімінің  алғыс  хаты мен,  Алматы  облысының  жұмыспен қамтуды үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  басшысы  М.Мураттан  және  НұрОтаннан  марапатталды.

IMG_20211210_151207.jpg

Толығырақ...

15.12.2021 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Тәуелсіздігіміздің 30  жылдығына  арналған  «Тұғыры биік Тәуелсіздік»  тақырыбында  мерекелік  іс – шара өткізілді.

Бұл шара еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, балаларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету,  елін, жерін  сүюге,  Отанын  қастерлеуге,  шыншылдыққа тәрбиелеу  мақсатында  өтті.

Орталықтың  мамандары  желтоқсан  оқиғасынан  шағын  көрініс  көрсетіп,  өздеріне берілген  рөльді  өте жақсы сомдап  шықты.

Тәуелсіздіктің 30  жылдығына  орай мекеме  директоры  қызмет  атқаратын мамандарды  Құрмет  грамотасы және алғыс хаттар мен марапаттады. 

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі  құтты болсын!

Еліміздің  еңсесі  биік,  туымыздың  тұғыры  берік,  тәуелсіздігіміз  мәңгі  болғай!

IMG_20211215_105343.jpg

Толығырақ...