Ұйымның толық атауы: Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру Және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 IMG-20211210-WA0081.jpg

19.04.21.2 2

19.04.21.2 3

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Алматы облысы әкімдігінің 26 маусым 2006 жылғы № 177 «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған Облыстық оңалту орталығын құру туралы» қаулысымен құрылды.

 

Орталықтың директоры 19.04.21.2 4

Сейдахметова Ұлбосын Кеңесбайқызы, 1968ж.т.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шахворостов көшесі 236.

Пошталық мекенжайы: 040000.

Электрондық пошта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны:
8 (7282) 24-22-90, 8 (7282) 39-05-51.

Жұмыс уақыты:

дүйсенбі-жұма 8.00-ден 17.00-ге дейін

Штаттық кесте бойынша қызметкерлер құрамы 78 бірлік, оның ішінде:

Басқарушы персонал: 3

Әкімшілік персонал: 5

Негізгі персонал: 4

Әлеуметтік-медициналық қызметтер: 11

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:2

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:24

Жұмысшы персонал:26

Ұйымның негізгі міндеттері:

1) Стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың   жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру.

Ұйымның негізгі функциялары:

1)қызмет алушыларды қабылдау және олардың сырқатын, жай-күйінің ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу жөнінде іс-шаралар өткізу;

2) қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасау;

4) қызмет алушыларға Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;

5) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;

6) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;

7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;

8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

9) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.

«Бәйтерек» күндіз болу орталығы» 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалармен тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға және тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мекеме болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкесХалықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында (ары қарай Стандарт) белгiленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетіледі.

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасы бойынша қазіргі таңда орталықта 79 бала арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерін алуда. Олардың ішінде:

Жасы бойынша:

1,5 жастан 5 жасқа дейін:     6;        

6 жастан 8 жасқа дейін:     17;

9 жастан 13 жасқадейін:     38;      

14 жастан 18 жасқадейін:   18.                                                                                                                                                

Жынысы   бойынша:

Ұлдар:     55;       Қыздар:       24.

Ұлттық құрамы бойынша:

Қазақтар:   70;  

Орыстар: 6;

Басқаұлт   өкілдері: 3: (1 уйгур)
                                          (1 кореец)
                                          (1 немец)

Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзету жұмысын жүргізу үшін «Бәйтерек» күндіз болу орталығында» балалар топ және топ бөліктері бойынша ұйымдастырылған. Топ пен топ бөліктері мүгедек-балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне қарай, әлеуметтік дағдылары мен когнитивті* дамуы ескеріле отырып жинақталады. Түзете-дамыту жұмыстарының ұзақтығы 15 минуттан 45 минутқа дейін жүргізіледі.

Орталықта төмендегідей топтар бар

«Бәйтерек» тобы 19.04.21

«Қызғалдақтар» тобы 19.04.21

«Жұлдыз» тобы 19.04.21

«Жігер» тобы 19.04.21

«Өркен» тобы 19.04.21

«Өрлеу» тобы 19.04.21


Сондай-ақ орталықта келесідей үйірмелер жүргізіледі:

-         Шашкимен ойын үйірмесі 19.04.21

-         Шебер қолдар үйірмесі 19.04.21

-         Шулы аспаптар үйірмесі 19.04.21

-         Ән айту үйірмесі 19.04.21

Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, мамандар әр қызмет алушыға жеке жоспар әзірлейді.

Олардың жеке жоспарларында мынадай арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қарастырылған:

Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

Әлеуметтік-медициналық қызметтер

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

Әлеуметтік-еңбек қызметтер

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер

Әлеуметтік-мәдени қызметтер

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер

Әлеуметтік-экономикалық қызметтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін Орталықта:

- логопед кабинеті 19.04.21

- әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарға арналған кабинет 19.04.21

- психолог кабинеті 19.04.21

- медициналық кабинет 19.04.21

- физиокабинет 19.04.21

- массаж кабинеті 19.04.21

- емдік дене шынықтыру залы 19.04.21

- қол еңбегі 19.04.21

- сезім дамыту бөлмесі 19.04.21

- музыка залы 19.04.21

- асхана мен ас дайындау бөлмесі жұмыс істейді 19.04.21

Балаларды үйлерінен «Бәйтерек» күндіз болу орталығына, орталықтан үйлеріне тасымалдау үшін үш автокөлік бөлінген.

Жыл бойы «Бәйтерек» күндіз болу орталығында» балаларға мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады: тақырыптық мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсиялар, театрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шаралары жүргізіледі.