8 қазан 2022 жылы Талдықорған әкімі мен мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар саябағында «Бәріміз бірдейміз –...
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл – күйі секілді құбылмалы. Бірде...
05.10.2022 жылы 10 күндік іс – шаралар жоспарына сәйкес «Бәйтерек» күндіз болу орталығында...
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығының 2- қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында белгіленген көлемдерге сәйкес көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметке мыналар жатады:
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және өз мүдделерін қорғау құқығына байланысты мәселелер бойынша қызмет алушының заңды өкіліне консультация беру
Әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша қызмет алушының заңды өкіліне консультация беру
Заңды өкілге осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды дайындауға және тиісті адресаттарға жіберуге көмек көрсету
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе оларға қысым жасайтын әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдар дайындауда заңды өкілге көмек көрсету
Жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктер, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиелеуге байланысты құжаттарын ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету
Қызмет алушының заңды өкіліне олардың мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжаттардың мәтінін баяндауды және жазуды (қажет болған жағдайда) немесе фирмалық бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттарды жазуды қамтамасыз ету
Қызмет алушының мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында оның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін заң көмегін алуына жәрдемдесу
Отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған дене және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға жәрдемдесу. Зардап шеккен адамдарға сотқа ұсыну үшін қажетті құжаттарды дайындау, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында сот процестеріне қатысу болып табылады