Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

Жаңа жылдық іс-шара

«Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызмет алушы балалары 2024 жылдың 23 желтоқсан айында «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Өтенай ауылдық Мәдениет үйінің» демеушілігімен ұйымдастырылған жаңа жылдық шыршасын тамашалады. Сонымен қатар, желтоқсан айының 26 жұлдызында жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. Шараға арнайы келген демеушілеріміз Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдерімен қатар, Тиай групп, ТОО «Hyundai Taldykorgan» және Forte bank өкілдері балаларға тәтті сыйлықтарын алып келді. Шара барысында «Жігер» тобының қызмет алушы балалары «Jingle Bells», «Аппақ, аппақ жапалақтап», «Шырша жыры» әндерін орындады. Аяз ата немересі Ақшақармен, және ертегі кейіпкерлері Буратина, Мальвина, Артемон, Сайқымазақ, Тедди аюлары шараның көңілді өтуіне ықпал етті. Олар әр топтарға кіріп ерекше балаларды жаңа 2025 жылмен құттықтап, естелік суреттерге түсті. Шара соңында демеушілер алғыс хаттармен марапатталып, жаңа жылдық базарлық балаларға таратылды.