Желтоқсан айының 24 жұлдызында жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. Шараға арнайы келген демеушілеріміз «Сұңқар» компаниясының директоры Дастан Рустемұлы балаларға тәтті сыйлықтарын алып келді. Шара барысында «Жігер» тобының қызмет алушы балалары «Jingle Bells», «Аппақ, аппақ жапалақтап», «Шырша жыры» әндерін орындады. Аяз ата немересі Ақшақармен келіп балалардың өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар әр топтарға кіріп ерекше балаларды жаңа 2026 жылмен құттықтап, естелік суреттерге түсті. Шара соңында демеушілер алғыс хаттармен марапатталып, жаңа жылдық базарлық балаларға таратылды.
ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу



