Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

«Қош келдің – Әз Наурыз!» мерекелік іс – шара

Биыл 14 – 23 наурыз  аралығында  халықтық  мерекені  тойлауға  арналған  Наурызнама  онкүндігі  жарияланды.  Осыған  орай «Бәйтерек»  күндіз болу  орталығы»   КММ – де  әр күндерге  арнайы  бекітілген  «Мәдениет  және ұлттық  салт  — дәстүр»  күні,  Шаңырақ  күні  және  бүгінгі  «Ұлттық спорт»  күніне  арналған  «Қош келдің – Әз Наурыз»  тақырыбында  мерекелік  іс – шара  өткізілді.  Іс – шарада құттықтау  сөз   Жетісу облысының  жұмыспен қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  басшысы  Мизамбаев Ермек  Арынханұлына  және Қазақстан  Республикасындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  уәкілдің  Жетісу  облысы  бойынша  өкілі  Карымсаков  Қанат  Батанұлына  беріліп,  жиналған  қонақтарға,  қызметкерлерге  және қызмет  алушыларға  жылы   лебіздерін  білдірді.  Мерекелік  іс – шараға  шақырылған  қонақтарымыз  «Бәйтерек»  ауылына  келіп  балалардың  мамандармен  бірге  дайындаған  көріністерін  (Бесікке бөлеу,  Тұсау кесер) қазақтың  ойындарын, ырымдарын,  салт – дәстүрлерін  тамашалады.