Жыл сайын «Отбасы» күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.
Отбасының — адам өміріндегі ең маңыздысы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім.
Биыл «Отбасы» күні жылда өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясымен қатар келіп тұр. Акция мақсаты: балаларға әлеуметтік көмек көрсету, ағымдағы жылы қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлу болып табылады. Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде.
Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық. Сондықтан көп болып көмек көрсету игілікті іс.
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы, бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс.
Осыған орай «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының, 7 сынып оқушысы Күлпаранқызы Аяжанға сөмке-рюкзакпен қатар, кеңсе тауарлары және мектеп киімдері алынып берілді.
Мекеменің арнаулы әлеуметтік қызмет алушысы Өнербекқызы Аружан қызымызға мектеп киімі, сөмкесі, кеңсе тауарлары алынды.
«Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» — демекші мекемемізде аянбай еңбек етіп жүрген қызметкеріміз Гүлнар Мирашқызы Есимбекованың отбасында өте қуанышты жағдай қызы Аида Еркінқызы Ариланова Талдықорған қаласының №18 Б.Жолбарыс атындағы мектептің 11 сыныбын «Алтын белгіге» бітірді. Бүгінгі күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Педагог-математик» мамандығы бойынша білім алуда.
Бұл қуаныш отбасының ғана емес, бір отбасындай болып кеткен мекеме мамандары мен қызметкерлері үшін де, үлкен қуаныш, болып табылды. А.Еркінқызымен кездесу өткізіп, сұхбаттасып өзіміздің ұжымның атынан шағын сыйлығымызды табыс еттік.
«Отбасылық әл-ауқат» — жағдайы бойынша мекемеде қызмет атқаратын алтын құрсақты ана, «Алтын алқа» иегері Матенова Жадыра Асенбайқызының баласы мен Абдисаметқызы Гүлімнің балаларының мектепке баруларына өз үлестерімізді қосып киімдерін, аяқ киімдерін, сөмкелерін, кеңсе тауарларын алып бердік.






