Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

Мекеме қызметкерлері мен қызмет алушыларды эвакуациялау

«Бәйтерек» күндіз болу орталығы» КММ — нің заңгері Омиргалин Нұржан Бауыржанұлының ұйымдастырылуымен Талдықорған қаласы ТЖБ — ның инженері азаматтық қорғау лейтенант офицері Е. Тлеубаев төтенше жағдайлар орын алган жағдайда, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мекеме ғимаратында өрт ошақтары пайда болған жағдайда және жер сілкінісі кезінде «мекеме қызметкерлері мен қызмет алушыларды эвакуациялау» тақырыбында нысандық жаттығу өткізді. Жаттығу барысында мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің алгоритмі пысықталды, төтенше жағдайлар пайда болған жағдайдағы мекеменің өрт автоматикасы қондырғыларының хабарландыру жүйесі тексерілді, төтенше жағдайлар пайда болған жағдайдағы эвакуациялау жоспарының нақтылығы тексерілді.