Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

Көрме

«Абай – дана, Абай – дара» атты кітап көрмесі өтті. Ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара» атты кітап көрмесі «Бәйтерек» күндіз болу орталығындағы балаларғаа таныстырылды. Көрме барысында қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды видеоақпарат ұсынылып, ақынның таңдаулы өлеңдері тыңдатылды. Бұл іс-шара балалардың рухани дүниесін байытып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Көрмеге Абайдың әр жылдары жарық көрген шығармалары, өлеңдер жинақтары, қара сөздері, сондай-ақ өміріне қатысты деректер мен иллюстрациялық материалдар қойылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның бай мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, әдеби – мәдени танымды арттыру және ерекше балалардың танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.