Понедельник, 08 Декабрь 2025

Ақпан айының 28 күні Нұр Отан партиясы Талдықорған қалалық филиалы "Аялы алақан" БПҰ-на қарасты "Бәйтерек" күндіз болу орталығында "Қазақ еліне мың алғыс!" - атты тақырыпта, 1 наурыз "Алғыс айту" күніне аналған мерекелік концерт өткізілді

Пятница, 28 Февраль 2020 17:17

11.05.20-8 1Ақпан айының 28 күні Нұр Отан партиясы Талдықорған қалалық филиалы "Аялы алақан" БПҰ-на қарасты "Бәйтерек" күндіз болу орталығында "Қазақ еліне мың алғыс!" - атты тақырыпта, 1 наурыз "Алғыс айту" күніне аналған мерекелік концерт өткізілді. Биылғы жылы Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында жыл сайын 1 наурызды барлық этностардың бір біріне және оларға мейірбандық танытып, өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Мерекелік іс-шарада мекеме директоры осындай атаулы мерекеге жиналған барлық қауымды "Алғыс айту күнімен" құттықтап, орталықта қызмет атқарып жүрген абзал жанды ақ халатты медицина қызметкерлері мен тех қызметкрлеріне "Алғыс хат" табыстады. Артынша биыл ұжымға жас, өнерлі де өнегелі, ақын Жырғабаева Бибігүл "Алғыс күніне арнау" жасады. Орталықта қызмет атқаратын музыка мұғалімі Құдайбергенов Ербол өз ақындық қабілетін қосып әр мамандарға шығарған өлең жолдарын оқып беріп, бір әнін орындады.

Қорытындысын айтатын болсақ: Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезім, "Рахмет", "Алғыс", ризашылық пен жақсылық, осындай құнды қасиеттер ата-аналар мен балалардың бойынан табылса деген ниеттеміз. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылықты жасағысы келіп тұратын есте сақтайық. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге және Табиғат-анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін Алғыс айтуды ұмытпайық.

11.05.20-8 2

11.05.20-8 3

11.05.20-8 4

11.05.20-8 5

11.05.20-8 6

11.05.20-8 7

11.05.20-8 8

11.05.20-8 9

11.05.20-8 10