Мың алғыс, миллион алғыс Аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да - дегендей бүгін, яғни, наурыз айының 6-күні Алматы Облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бәйтерек" күндіз болу орталығының ұжымы мен қызмет алушы балаларының қатысуымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған "Мейірімін төккен маған- көңілі көктем анам!" Атты тақырыбында аналарға арналған ерекше мерекелік ертеңгілік "Азия" ғимаратында өткізілді. Осы мерекелік іс-шараның өтілуіне үлкен үлестерін қосқан демеушілер, БАҚ өкілдері мен бүлдіршіндеріміздің ата-аналары қатысты. Құттықтау сөздер айтылып, демеушілерге "Алғыс хаттар" ұсынылды. Бүлдіршіндердің аналарына дайындаған өнерлері көрсетілді. Орталығымыздың әнші балалары шырқаған әндерінің соңында аналарға құшақ гүлдерін сыйлап та жатты. Осылайша мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде, тартымды, айрықша өткізілді.






