Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

Филлиалдың ашылуы

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан бөлімше ашылды.

«Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 90 балаға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді толық және сапалы көрсету мақсатында және қажеттілікке байланысты қосымша 21 балаға арналған бөлімше ашылып отыр.

Бөлімше ашылуының негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру және оны әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады.