Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

«Әлеуметтік қызметкерлер» күні

Бүгін, яғни 28 қазан 2024 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» КММ — де жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін «Әлеуметтік қызметкерлер» күні аталып өткізілді. Бұл шарада мерекелік және спорттық іс-шараларға белсенділік танытқандары үшін бір қатар мамандар мен қызметкерлері марапатталды.

Ашып айтатын болсақ:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінен,
Жетісу облысының әкімінен,
Жетісу облысы әкімінің орынбасарынан,
Кәсіподақ қоғамдық бірлестігінен және мекеменің алғыс хатымен 16 адам марапатталды.
Сонымен қатар, төл мерекемізбен «Forte bank» акционерлік қоғамының өкілдері келіп құттықтады.
Мереке соңында «Жігер» тобының арнаулы әлеуметтік қызмет алушы балалары мен мекеменің «Әжелер» ансамблі әндерін шырқап шықты.