Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

7,9 мамыр

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 6 мамыр айында

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесіне байланысты «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шара Мәншүк Маметованың анасына жазған хатымен басталды.

Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, айбынды күн. Осыған орай мекеме директоры Ұ. Кеңесбайқызы жылы лебізін білдірді.  Артынша «Жігер» тобының қызмет алушы балалары «Қазақстан қыран далам!», «Қазағым» әні, «Жеңіс туы желбіреп!» әндерін орындап қана қоймай шулы аспаптарда «Смуглянка» әнін орындап шықты.

– Ұлы Отан соғысы қарсаныңда Республикамызда 7 Мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ата-бабаларымыздың батырлық істеріне құрмет білдіру күні. Осыған орай Қазақстан Республикасының және де орталығымыздың  БАТЫР,  ЕРЖҮРЕК, НАМЫСТЫ ҚАЙСАР  қызмет алушы балаларымызды айтулы мерекелерімен құттықтап, бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтадық.