Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

14 – Наурыз көрісу, Амал мерекесі

14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.