Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" күндіз болу орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми сайт

1 — қазан Халықаралық Қарттар күніі құтты болсын!

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Бүгін, яғни 1 қазан 2024 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 күндік декадасы бойынша «Қарттар» күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараға арнайы әлеуметтік салада аянбай, талмай талай жылдар бойы еңбек еткен, сол еңбектерінің зейнетіне шығып отырған құрметті зейнеткерлерімізді және орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын балаларымыздың әжелерін шақырып қонақ еттік.

Бүгінгі күнді ерекше күн деп атауға болады. Өйткені бүгін сол зейнеткерлеріміз өсіріп баққан балапандарымыз ержетіп өнерлерін келген қонақтарға паш етті. Сонымен қатар, келген зейнеткерлеріміз «Әжелер» ансамбілінің құрамында ән айтқан кісілер болған сон хормен айтылған әндерді айтып еске алды десе болады.

Іс-шара барысында қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, құрмет көрсетілді.