Балаң үшін өзің жарық Күндейсің,
Ұрпағыңмен тамыр жайып гүлдейсің.
Еркелетіп үлгерген жөн балаңды,
Ертең оны не тосады білмейсің – демекші бүгін, яғни 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 10 күндік жоспары ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес мерекелік концерт өткізілді.
Біз бала үшін өмір сүреміз, олардың болашағын ойлаймыз. Өмірлері әрдайым мәнді болсын ұрпақтардың. Еркелете білейік оларды, балалықтың тәтті дәмін біліп өссін. Баланың келбетінде ата-ананың ізі қалады дейді, ғибрат. Сондықтан олардың нәзік кездерін бағалайық, балалық шақтың естеліктері әдемі болсын!
Жарқын болашаққа аяқ басып, әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген балаларымыз Турганов Мади, Серікқанұлы Мирас, Омарбаева Дильфируза Республикалық байқауға қатысып Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын орындағаны үшін 1 жүлделі орындарға ие болды. Осындай жүлделі облыстық байқаудан 3 орын иегері Ордабек Хафиз.
«Бәйтерек» орталығының балалары Мұратхан Мадияр, мекеме түлектері Омарбаева Дильфируза мен Мырзахметов Қуаныш бақ сынап, тамаша нәтижелер көрсетті. Қуаныштымыз, батыл балаларымыз үшін! Бұл мемлекет тарапынан ерекше балаларға көрсетіліп отырған қолдаудың және команданың арқасында деп білеміз!
Ендігі кезде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрамаға іріктеліп, қарашада Бахрейнде өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Бочча – негізінен доп ойыны. Яғни, тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балаларға өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін спорт түрлерінің бірі. Елімізде бочча федерациясы 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жаттықтырушыларының бастамасымен құрылған.



