Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың наурыз айының 19-нда мамандар мен қызмет алушы балалардың Наурыз мейрамына арнайы дайындаған ойын түрлері көрсетілді. Яғни, арқан тарту, асық ойыны, қазақша күрес, бес тас, тоғыз құмалақ, қол күрестіру және т.б қазақ ұлттық ойындары көрсетілді.





