31.08.2022 жылы «Бәйтерек» күндіз болу орталығында Білім күніне арналған мерекелік іс – шара өткізілді. Бұл шарамыз дәстүрге айналған және игі істің бастамасы болып табылатын «Мектепке жол» акциясы аясында өткізіліп отыр. Мекемеден биылғы жылға 1 – сыныпқа баратын балалар мен «Бәйтерек» орталығында жұмыс атқарып жүрген мамандардың 1 – сыныпқа баратын балаларын мекеме директоры құттықтады. Бүгінгі мерекелік іс – шараның өтуіне өз үлестерін қосып, демеушілік етіп отырған жандарға, атап айтсақ: Forte bank -Forte bank – өкілдері балаларға мектепке ұстайтын сумка (рюкзак) оқу жазу құралдарын тарту етті. Сонымен қатар бір емес бірнеше рет қайырымдылық жасап жүрген Қанабекова Толғанай Құдайбергенқызына алғысымыз шексіз!.
Бүгінгі мерекелік іс – шараның қонағы орталығымыздың түлегі, біздің мақтанышымыз, аяулы қызымыз Молдахметова Айдана келіп мерекемен құттықтап «Алғыс» әнін жолдады. Сонымен қатар мерекелік іс – шарамен атап өтілетін ұжымда талай жылдар «Бәйтерек» орталығына еңбегін сіңірген, құрметті де қадірлі асыл апайымыз зейнетке шыққан Түндебаева Кульмаш Маусанбекқызын орталық директоры құттықтап сыйлық силады. Соңында балаларға көңілді күн сыйлау үшін «Ириска барбариска» аниматор (шоу мыльных пузырей, фокусы, игры, розыгрыш) келіп бүгінгі күнді өте керемет және қызықты өткізді.





