Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығының 2- қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында белгіленген көлемдерге сәйкес көрсетілетін әлеуметтік- тұрмыстық қызметке мыналар жатады:
1) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындауға қабілетсіз қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) жиһазбен және тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
3) диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
4) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көзделген көлемнен кем емес төсек жабдықтарын ұсыну;
5) қызметтерді алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметтерін ұсыну;
6) санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету жатады.