Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығының 2- қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында белгіленген көлемдерге сәйкес көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметке мыналар жатады:

     1) тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;

     2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);

     3) психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;

     4) психологиялық консультация беру;

     5) шұғыл психологиялық көмек (оның ішінде телефон арқылы);

     6) қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;

     7) психологиялық тренинг;

     8) қызметтерді алушыларды психологиялық түзеу;

     9) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайлардың алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.